Аймақтар • 17 Шілде, 2017

Петропавл әскери институтына жаңа басшы тағайындалды

287 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен  Ұлттық ұлан Петропавл әскери институтының басшысы болып Серікхан Әбселемов тағайындалды.

 Петропавл әскери институтына жаңа басшы тағайындалды

Серікхан Ахметұлы 1987 жылы Алматы жоғары жалпы әскери басшылық училищесін, 1997 жылы Германия Федеративтік Республикасындағы  Бундесвер басшы құрамы академиясын бітірген.

1988 жылы Ауғанстан Демократиялық Республикасында, 1989-1992 жылдары Балтық жағалауы елдерінде қызмет атқарған. Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында взвод командирінен бастап офицерлік мансаптың барлық баспалдақтарынан өткен.

2015 жылы Ұлттық ұлан әскери институтының штаб бастығы болып тағайындалғанға дейін Тұңғыш Президент–Елбсы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті әскери барлау кафедрасын басқарған.

2015-2016 жылдары Ұлттық ұлан институты басшысының бірінші орынбасары-штаб бастығы, 2016-2017 жылдары Мәскеу қаласындағы Ресей Федерациясы Қарулы Күштерінің Бас штаб академиясының тыңдаушысы болған.

Өмір Есқали,

«Егемен Қазақстан».

Солтүстік Қазақстан облысы.